Басты бет«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерін дәрігерлік тексер...

«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерін дәрігерлік тексеруден өткізу акциясын ұйымдастырады

«Нұр Отан» ХДП-ның «Бірлік» филиалы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасымен бірігіп, Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерін дәрігерлік тексеруден өткізу шарасын ұйымдастырады.

          2013 жылдың 17 сәуірінде ардагерлерді медициналық тексеруден (терапевт, хирург, кардиолог мамандарына қаралу, қан анализі және зертханалық талдау) өткізу үшін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының дәрігерлер тобы жасақталады. Тексеру нәтижесі бойынша ардагерлерге кеңес беріліп, емдеу шаралары белгіленеді.

         - Жылдан жылға ардагерлер саны азаюда. Осы мерекеге байланысты жасалған іс-шаралар маңызды болсын деп сонымен бірге одан әрі жалғасын тапса екен деймін. Біз бірде-бір ардагар қамқорлықсыз қалмағандығын қалаймыз, - дейді «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова өз сөзінде.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Астана қаласындағы «Бірлік» филиалы Астана қаласындағы негізгі аумақтық филиалдардың бірі. «Бірлік» филиалы қайырымдылық акциялар өткізуге көп назар аударады. Жыл сайын  «Біздікілерді біл», «Балаларды мектепке дайындайық», Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсету сияқты іс-шаралар ұйымдастырады.