
Өзінің YouTube арнасын ашқан Парламентаризм институты заңнамалық түсіндіру жұмыстарын күшейту аясында Парламент депутаттарымен, сарапшылармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселелерін талқылауды бастады.
Алғашқы рет бүгін эфирге шыққан арнаның қонағы ретінде Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мен Ішкі істер министрінің орынбасары, ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков шақырылды. Олар қылмыстық атқару жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын, халықаралық тәжірибеден не алуға болатынын және бүгін қандай қадамдар жасау керектігін баяндады.
Сондай-ақ, эфирде Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау шарасы, сотталғандарды жұмысқа орналастыру және қайта әлеуметтендіру, колониялардағы әйелдердің жағдайын жақсарту және оқшаулауға балама ретінде электронды білезіктерді енгізу мәселелері талқыланды.
Парламентаризм институты арнасындағы алғашқы сұхбаттың сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=EzcN2RgnTcA