Басты бетЖылулық, тәртіп пен қамқорлық: Жұлдызай Жақсыбаеваның «Қарлығаш» балабақшасындағы 15 жылы

Жылулық, тәртіп пен қамқорлық: Жұлдызай Жақсыбаеваның «Қарлығаш» балабақшасындағы 15 жылы

Жылулық, тәртіп пен қамқорлық: Жұлдызай Жақсыбаеваның «Қарлығаш» балабақшасындағы 15 жылы Жылулық, тәртіп пен қамқорлық: Жұлдызай Жақсыбаеваның «Қарлығаш» балабақшасындағы 15 жылы Жылулық, тәртіп пен қамқорлық: Жұлдызай Жақсыбаеваның «Қарлығаш» балабақшасындағы 15 жылы

15 жыл бойы ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында жүздеген балаға жайлылық, тәртіп пен қауіпсіздік сыйлап келе жатқан шаруашылық меңгерушісі Жұлдызай Жақсыбаева туралы, Еңбек мамандықтары жылы аясында, boritimes.kz тілшілері жазды.

Әр балабақшада ертеңгілікке қатыспайтын, топта балалармен отырмайтын, ән айтып, қолөнер бұйымдарына мақтау бермейтін бір кейіпкер бар. Бірақ ол болмаса, жарық жанбайды, краннан су ақпайды, әуен естілмейді. Осындай орны толмас жан – шаруашылық меңгерушісі Жақсыбаева Жұлдызай Тынымқұлқызы. Оның еңбегі – балалардың дамуы, амандығы мен қауіпсіздігі негізделген берік іргетас.

Көпшілік шаруашылық меңгерушісі – ер адамдарға тән мамандық деп ойлайды: мұнда техника да, есеп-қисап та, жөндеу жұмыстары мен жұмысшы персоналды басқару да бар. Алайда «Қарлығаш» балабақшасында бұл көзқарас жаңа қырынан қалыптасты. Жұлдызай Тынымқұлқызы Жақсыбаева күн сайын қалыптасқан стереотиптерді бұзып, өз жұмысын дәлдікпен, жанқиярлықпен және ішкі жігермен атқарады. Ешкімнің оның орындығына күмәні жоқ.

Ол балабақшаның ашылған күнінен бастап барлық даму кезеңдерінен өтті. Бүгінде оның 15 жылдық еңбек өтілі – жай ғана сан емес, мекеме тарихына адалдығының, тұрақтылығының және жеке үлесінің айқын көрінісі. Жұмысқа бірінші келіп, соңғылардың бірі болып кетеді. Балабақшаның әр бұрышын ұсақ-түйегіне дейін біледі, соның арқасында ұйымдағы барлық жұмыс жүйелі әрі іркіліссіз жүреді.

– «Жұлдызай Тынымқұлқызы – жай ғана қызметкер емес, біздің балабақшамыздың жұмысын елестету мүмкін емес тұлға. Ол тек ұжымның бір бөлігі ғана емес, жүрегі, жан жылуы», – дейді «Қарлығаш-3» балабақшасының меңгерушісі Индира Жолданбаева әріптесі жайлы мақтанышпен.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз: boritimes.kz