

Көру қабілетін сақтау – көзілдірік тағып, көзді демалдырумен шектелмейді. Бүгінде көз аурулары жас талғамайды, ал олардың кейбірі мүлде байқалмай дамуы мүмкін. ҚР ПІБ МО ауруханасының офтальмохирургі Сергей Кульбака baq.kz тілшісіне берген көлемді сұхбатта осы саладағы заманауи емдеу әдістері, кең тараған қате пікірлер және болашақтағы
• Көз жанарынан айырылудың, әсіресе қарт адамдар арасында кең таралған негізгі себебі – катаракта.
Бұл ауру кезінде көздің табиғи линзасы – көзбұршағы бұлдырап, көру қабілеті нашарлайды. Біз мұндай жағдайларда көру фокусын күшейтетін, жоғары технологиялы жасанды көзбұршақ (интраокулярлы линза) пайдаланамыз, - дейді офтольмолог.
Оның айтуынша, көз ауруларын уақытылы анықтау – көру қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтаудың басты кепілі. Әсіресе, көзішілік қысымның жоғарылауынан дамитын глаукома секілді өте қауіпті әрі жасырын түрде өрбитін сырқаттар дер кезінде анықталмаса, қайтымсыз зақымға әкелуі мүмкін. Сол себепті 40 жастан асқан әрбір азамат жылына кемінде бір рет офтальмолог маманға қаралып, көздің ішкі қысымын, көру өткірлігін және көру жүйкесінің жағдайын тексертіп тұрғаны жөн.
Офтальмологияда ерте диагностиканың маңызы қандай? Пациенттер көбіне қандай шағымдармен келеді? Көз аурулары туралы қандай жаңсақ пікірлер бар? Офтальмологиялық емдеу тәсілдері қалай өзгерді? Бұл саланы алдағы 10 жылда не күтіп тұр?
Осы және басқа да маңызды сауалдардың жауабын мына сілтеме арқылы білуге болады. baq.kz