Басты бет«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы»...

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК Энергия тиімділігі бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыруда

Энергия үнемдеу саласында энергия ресурстарының едәуір мөлшерін азайту керектігі белгілі. Мәселен, 2007 Үкімет үйі ғимаратында электр қуатына 5,5 миллион теңге жұмсалған, ал бұл соманы 2012 жылы 4,9 миллион теңгеге қысқартудың сәті түсті.

Бұл қозғалыс пен дыбыс өшіп қосылатын оптика-акустикалық және инфрақызыл құрылғылардың жабдықталуы арқасында болды. Осылайша, тұжырымдап келгенде, ғимарат басқыштары аралықтарында жарық небәрі 4 сағат жанып, электр энергиясын үнемдеуге орасан зор септігін тигізді. Бұрын 70кВт/с жұмсалса, ал қазір 11кВт/с дейін қысқартылды. Енді жылына 228 мың теңгеге дейін үнемдей аламыз.

Бұл саясат электр қуатын ғана емес, суды да үнемдеуге мүмкіндік береді. Су беруді үнемдеу ғимаратында  аэрторлар орнатылған. Оларды орнатудың нәтижесінде, су жыл сайын 2,5 куб үнемделеді.

Аэратор  – кранның «мұрнын» бекітетін және су ағынын төмендететін  шағын тетік. Аэраторлар ауа мен суды араластыру үшін қолданылады. Аэраторсыз кранды қолдану кезінде су мөлшерінің шығыны минутына 15 литрге жетуі мүмкін, ал аэратор орнатылған жағдайда шығын 6 литрді құрайды.

Энергия тиімділігі мәселелері мекемедегі қажетті температураны қамтамасыз етуді бақылап отырады. Ғимарат терезелері жарық өткізетін, бірақ жылу жібермейтін  керамикалық қабыршақпен бүркеледі.

Атап өткеніміздей, Ресурстарды сақтауға байланысты іс-шаралардың барлығы ҚР Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК 2008 жылы қабылдаған  Энергия тиімділігі бағдарламасы шеңберінде өтеді.