Басты бетСерікбай Әміржанов - құрылыс саласының сарапшысы

Серікбай Әміржанов - құрылыс саласының сарапшысы

Серікбай Әміржанов - құрылыс саласының сарапшысы

10 тамыз – Құрылысшылар қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында ел игілігі үшін тер төгіп жүрген сала мамандарының бірі, техникалық қадағалау сарапшысы Серікбай Әміржанов туралы ҚазАқпарат агенттігі тілшісінің ауқымды мақаласы жарық көрді.  

Серікбай Әміржанов «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС-іне 2008 жылы электрик ретінде келген. Осы уақыт ішінде ол құрылыс саласының барлық қыр-сырын меңгерген білікті маманға айналды.

– «Қазқұрылысжүйесіне» келгенде 39 жаста едім, сол кезде компаниядағы ең жас қызметкердің бірі болдым. Құрылыс саласында 40-50 жыл еңбек өтілі бар, тісқаққан ағалар мені өз қамқорлығына алды. Тәжірибесін бөлісті, бағыт-бағдар берді. Ал мен өз кезегімде оларға жаңа технологияларды компьютер мен электрондық поштаны пайдалануды үйреттім, - деп еске алады Серікбай Әміржанов өзінің техникалық қадағалау саласындағы алғашқы жылдарын. 

Мақалада айтылғандай, бүгінде Серікбай Мұқұмұлы өзі де жастарға тәлімгер. Жаңа келген қызметкерлерді кәсіби бағытқа бейімдейді, мамандықтың қыр-сырын үйретеді. 

Сүйікті ісін жан тәнімен атқаратын маман туралы мақаланың толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады. 
kazinform.kz