Басты бетКәсіби мереке қарсаңында құрылыс саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Кәсіби мереке қарсаңында құрылыс саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Кәсіби мереке қарсаңында құрылыс саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Құрылысшылар қауымының 10 тамыздағы кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Іс басқармасы жүйесінде еңбек ететін бір топ маманға құрмет көрсетіліп, марапаттар тапсырылды. 

Саланы дамытудағы көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі үшін марапатталғандар қатарында Іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы жөндеу-құрылыс қызметінің жетекші шебері Алдаберген Бердешев, осы мекеменің өндірістік-техникалық қызметінің басшысы Владимир Стакаев бар. 

Сондай-ақ, Әкімшілік ғимараттар дирекциясы директорының орынбасары Әлібек Әлиев, Күрделі құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Гаухар Вафина, «Бурабай» ұлттық паркі қосалқы және қызмет көрсетуші өндірістерінің маманы Геннадий Паскуль- Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының Құрмет грамоталарына ие болды. 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Ертас, аталған басқарманың бөлім меңгерушісі Аяш Тоқсанова, Күрделі құрылыс бөлімінің бас консультанты Данагүл Мұханбетқалиева, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының бас маманы Жандар Шінәсілов, «Астана-20» мемлекеттік қорының инженер-сметашысы Данагүл Жақсылықова және басқалар Президент Іс басқарушысының Алғысымен марапатталды. 

Жұмысшы мамандықтар жылында еңбектері жоғары бағаланған мамандарды әріптестері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.