

Бүгін, 2025 жылғы 7 тамызда, Финляндия астанасы - Хельсинки қаласында әлемдегі ең ірі халықаралық кинологиялық алаңдардың бірі - World Dog Show 2025 (WDS) өз жұмысын бастады. Аталған шара Халықаралық кинологиялық федерациясының (FCI) қолдауымен өтіп жатыр.
Осы атақты іс-шарада Қазақстан Республикасының атынан «Қазақы тазы» тұқымы қатысады. Бұл ұлттық мақтаныш саналатын, қазақ халқының жеті қазынасының бірі ретінде мойындалған ерекше тазы итінің тұқымы.
Көрме барған Қазақстан делегациясын Қазақстан кинологтары одағының (ҚКО) білікті мамандарынан құралған. Презентациялық сессия аясында олар халықаралық қауымдастыққа қазақы тазының шығу тарихын, сыртқы келбетін, ерекше аңшылық қасиеттерін және бұл тұқымның ұлттық мәдениеттегі орны мен қазақстандықтардың жүрегіндегі жоғары таныстырады.
WDS 2025 көрмесіне Қазақстан атынан арнайы іріктеуден өткен және халықаралық деңгейдегі көрсетілімдерге дайындалған 8 қазақы тазы апарылды.