Басты бетAlmaty Resort ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Almaty Resort ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Almaty Resort ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты Almaty Resort ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

«Оқжетпес Алматы»  емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Business FM радиосы хабарлады. 

Тазалау жұмыстарына шипажайдың әкімшілік қызметкерлері, дәрігерлер, аспаздар мен қызмет көрсетушілер - барлығы жүзден астам адам атсалысты. 
Жуырда болған дауыл мен нөсер жауыннан кейін Алматының саябақтарында сынған бұта мен жапырақтар жиналып қалғаны еді. Қол қусырып қарап отырмай, өздері іске кіріскен қызметкерлер 15 гектардан астам аумақты тазалап, екі жүк көлігі толатын қоқыс шығарды. 

— Бұл жай ғана экологиялық акция емес. Бұл — ортақ іске қосқан үлесіміз, командалық рухты, табиғатқа деген қамқорлық пен қонақтарымызға деген жанашырлықты білдірудің бір жолы, — деді шипажай кешені директорының орынбасары Асхат Оңғарұлы.