Қазақстан Республикасы Іс басқармасының Медицина орталығы ауруханасында 2013 жылдың наурыз айының 18-і мен 22-сі аралығында «Медбикелік істегі менеджмент» тақырыбында мастер-класс өткен болатын.
Мастер-класс барысында Литвадан келген мамандар - PhD, профессор, сондай-ақ Литва универститеті медбикелік күтім бөлімінің меңгерушісі Блажявичене Аурелии және PhD, профессор, медицина психологы Григалюнене Виктории сөз сөйледі.
Бағдарламада медбикелік іске байланысты өзекті сұрақтар қарастырылды. Дәріс және тәжірибе жұмысы курстары төмендегі басты тақырыптарды қамтыды:
1.Көшбасшылық теориясы мен стилі және олардың науқастарға күтім көрсетуде қолданылуы;
2.Науқастар күтімі кезінде топтық жұмыстың қуатты және әлсіз тұстары;
3.Адам ресурстарының дамуы: жаңа жұмысшыларды қабылдау, олардың сақталуы мен босатылуы, уақытты басқару;
4.Науқасқа күтім жасау кезінде мансаптық мүмкіндіктерді талдау;
5.Күйіп қалудың мансапқой синдромы. Стрестен арылу жолдары;
6.Медбике мен емделушілердің қарым-қатынасына әсер етуші факторлар;
7.Емделушілердің кері эмоциясын бақылау.
Мастер-класс соңында, Литва университетінің халықаралық үлгідегі сертификаттары Медицина орталығы ауруханасының бағдарламаға қатысушы 30-дан астам медбикесіне тапсырылды.