Партияның Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көпбалалы аналар, мүгедек әйелдер және жалғызбасты зейнеткер әйелдер оларға материалдық жәрдем көрсету өтінішімен жүгінді.
8-Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында «Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры әйелдерді құттықтап, оларға тұрмыстық техниканы сыйға тартты. Сыйлықтар әрбір әйелдің үйіне жеткізілді.
-Арамызда қолдауға және қамқорлыққа мұқтаж жандар бар. Оларға қамқорлық көрсету және олардын өмірі мен деңсаулығына жағдай жасау өркениетті қоғамның басты міндеттері болуға тиіс. «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры бірігіп мереке қарсанында өз үлесін қосып жатыр, көпбалалы аналарға және жалғызбасты зейнеткер әйелдерге тұрмыстық техниканы – тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар және телевизиорларды сыйлады, - деді «Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі Ғалым Жұмжаев.
«Бірлік» «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры бірігіп жасап жатқан аталмыш қайрымдылық акция жақсы дәстүрге айналғандығын атап өту жөн.