Басты бетДенсаулықты диоксиндерден қалай қорғауға болады: ҚР ПІБ Медорталығының Референс-зертханасы маманы...

Денсаулықты диоксиндерден қалай қорғауға болады: ҚР ПІБ Медорталығының Референс-зертханасы маманының кеңесі

Денсаулықты диоксиндерден қалай қорғауға болады: ҚР ПІБ Медорталығының Референс-зертханасы маманының кеңесі Денсаулықты диоксиндерден қалай қорғауға болады: ҚР ПІБ Медорталығының Референс-зертханасы маманының кеңесі Денсаулықты диоксиндерден қалай қорғауға болады: ҚР ПІБ Медорталығының Референс-зертханасы маманының кеңесі Денсаулықты диоксиндерден қалай қорғауға болады: ҚР ПІБ Медорталығының Референс-зертханасы маманының кеңесі

Диоксиндер неге адам ағзасында жиналады? Олар қайдан пайда болады және несімен қауіпті? Бұл сұрақтарға ҚР ПІБ Медициналық орталығы жанындағы Референс-зертханасының Диоксиндер мен полихлорирленген бифенилдерді анықтау зертханасының меңгерушісі Манат Ахметов жауап береді.

Көпшілігіміз қарапайым безеу немесе бөртпе деп қабылдайтын терідегі өзгерістер кейде ағзаның ішкі қауіптен “дабыл” беруі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сөз хлоракне туралы болып отыр – бұл диоксинмен уланудың ерекше клиникалық белгісі.

Диоксиндер – табиғи жолмен емес, адам әрекеті нәтижесінде түзілетін жоғары уытты, көзге көрінбейтін химиялық заттар. Олар, әсіресе, қалдықтарды өртеу, мұнай өңдеу, металлургия және кейбір пестицидтер қолданылатын ауыл шаруашылық процестері кезінде түзіледі.

Ең қауіптісі – диоксиндер адам ағзасына көбінесе тағам арқылы, яғни майлы ет, сүт өнімдері, балық және теңіз тағамдары арқылы түседі. Бұл заттар майда еритіндіктен, ағзада – бауырда, теріде, қан мен май тіндерінде ұзақ уақыт жиналып, 7 жылдан 11 жылға дейін сақталуы мүмкін.

Тақырып бойынша толық ақпаратты kaznovosti.kz сайтынан оқи аласыздар.