


ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ қызметкері - Жанат Мұстафин жайлы. 2025 жыл - елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, «Оқжетпес» шипажайында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан, тәртіп пен тазалыққа жауапты Жанат Мұстафин туралы айтуды жөн көрдік.
Жанат аға 2016 жылдан бері аумақтың тазалығы мен көркеюіне зор үлес қосып келеді. Таңмен таласа жұмысын бастап, гүлзарларды баптап, жаяу жүргінші жолдарын таза күйде ұстап, демалушыларға жайлы әрі көрікті орта қалыптастырады. Бұған дейін де ол түрлі бөлімдерде - құрылыс, күзет, шаруашылық саласында еңбек еткен жан. Жанұясында да тазалық пен тәртіпке мән береді.
«Аула таза болса - көңіл таза», - дейді Жанат Мұстафин. Оның шипажайдағы еңбегі мен өмірлік ұстанымы жайлы кеңірек білгіңіз келсе - сілтемені басып, толық материалмен танысыңыздар kaz.inform.kz