
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жібек Жолы» телеарнасы ҚР ПІБ «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ-ның «Almaty Resort» шипажайында еңбек ететін қызметкерлердің еңбегіне арналған арнайы сюжет дайындады. Сюжет шипажайдың бөлме жинаушысы Майра Жанұзакованың бір күндік жұмыс барысын қамтиды.
Майра Жанұзакова бір ауысымда қатаң санитарлық талаптар мен қызмет көрсету стандарттарын сақтай отырып, орта есеппен 25 бөлмені тазалайды. Жалпы шипажайда 135 бөлме бар, олардың тазалығына 12 қызметкер жауапты. Қызметкерлер 12 сағаттық ауысыммен жұмыс істейді.
Бөлме жинаушылар таңғы сағат 08:00-де жұмысқа кірісіп, келесі жұмыстарды орындайды: Қонақтар шыққаннан кейін бөлмеге толық дезинфекция жүргізіліп, төсек-жаймалар толығымен ауыстырылады; Күнделікті тазалау барысында төсек жиналып, қоқыс шығарылады және жуынатын бөлмелер ретке келтіріледі; Әр бес күн сайын төсек-жаймалар мен сүлгілер міндетті түрде ауыстырылады.
Көпшілік назарынан тыс қалатын бұл күнделікті әрі жүйелі жұмыс шипажайдағы тазалық пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Сюжетті келесі сілтеме арқылы көре аласыз: jibekjoly