
Ақшаны тек «санап қою» жеткіліксіз - қаржылық деректерді дұрыс түсініп, одан құнды ақпарат ала білу не үшін маңызды екенін inform.kz порталының оқырмандарына ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ аға менеджері Марат Садбеков айтып берді.
Қаржылық талдау бұрынғыдай тек бухгалтерлерге тән қызмет саласы емес. Қазіргі таңда бұл -бизнес иесінен бастап отбасылық бюджетті жоспарлайтын кез келген адамға қажет маңызды дағды, дейді маман.
Марат Садбековтің айтуынша, тиімділікті бағалай білу мен тәуекелдерді алдын ала болжай алу - табысты адамның дамуына қажет ең маңызды қабілеттердің бірі. Бұрын қаржылық талдау күрделі әрі көп уақытты қажет ететін үдеріс болса, бүгінгі күні технологиялардың арқасында оның мүмкіндіктері едәуір кеңейді: жасанды интеллект, машиналық оқыту мен үлкен деректермен жұмыс істеу нақты әрі жедел ақпарат алуға жол ашады.
«Қаржылық талдау қай бағытта дамуға болатынын, өсу нүктелері қайда екенін және қандай шешімдер ең жоғары нәтиже беретінін анықтауға көмектеседі», - дейді маман.
Тиімді шешімдердің қатарында: жеке және корпоративтік шығындарды есепке алу мен талдауға арналған қосымшалар; қаржы саласында онлайн оқыту және біліктілікті арттыру; қаржылық тәуекелдерді болжау алгоритмдері бар.
Материалдың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар:kazinform.kz