Басты бетJibek Joly телеарнасы Silk Way Prime брендімен халықаралық нарыққа шықты

Jibek Joly телеарнасы Silk Way Prime брендімен халықаралық нарыққа шықты

Jibek Joly телеарнасы Silk Way Prime брендімен халықаралық нарыққа шықты

1 шілдеден бастап халықаралық Silk Way Prime телеарнасы хабар тарата бастады. Бұл - Silk Way цифрлы телеотбасындағы Ресей Федерациясы аумағында эфирге шығатын үшінші арна. 

ҚазАқпарат агенттігі хабарлағандай, жаңа жоба Қазақстанның тарихы, мәдени-гуманитарлық, ұлттық құндылықтарын насихаттайтын толыққанды медиаплатформа қалыптастырмақ.

Silk Way Prime — Jibek Joly телеарнасының уақыт белдеуі мен Ресей нарығындағы телевизиялық өнім сұранысына бейімделген халықаралық нұсқасы. Арна эфирінде тек қазақстандық контент – көркем фильмдер, телесериалдар, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар, ток-шоу, музыкалық-ойын-сауық және танымдық жобалар.

Silk Way Prime арнасын эфирге шығаруда халықаралық аудиторияның сұранысы ескерілді. Біз қарқынды дамып жатқан, әлемге ашық, жарқын, мәдени бай Қазақстан туралы айтамыз. Телеарна фактілермен сөйлейді, эмоция да бар, контент креативті, - дейді Jibek Joly/Silk Way телеарнасының атқарушы директоры Еркежан Күнтуған.

Айта кетейік, халықаралық Silk Way сандық телеотбасы құрамына бірнеше арна кіреді:

Silk Way — ақпараттық-танымдық lifestyle-арна. Қазақстан, аймақ пен әлем жаңалықтарын жеткізеді. Халықаралық маңызды шараларды трансляциялайды, эксклюзивті репортаждар форматында көрсетеді.

Silk Way Cinema — классикадан бастап заманауи хиттерге дейін, сондай-ақ авторлық жұмыстар мен фестивальдарға бағытталған фильмдерді көрсетуге салаланған киноарна.

Silk Way Prime — жалпы тақырыптық отбасылық телеарна (Jibek Joly арнасының халықаралық нұсқасы).