Басты бетГендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті

Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті

Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті Гендерлік теңдік мәселесіне арналған алқалы жиын өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын нәзік жандылар қауымының жыныстық кемсіту мен қысымға ұшырауына жол бермеу мәселесіне арналған семинар өтті.

Алқалы жиынға Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері қатысты. 
Семинар басында сөз алған Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Жұмағұлова басқосу тақырыбының маңыздылығына тоқтала келіп, арнайы шақырылған спикерлерді көпшілікке таныстырды. 
Жиынға ҚР ПІБ Парламентаризм институты директорының орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының орынбасары, Іс басқармасы бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықов, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы заң басқармасының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрсұлтан Төлендиев баяндама жасады. 
Арнайы шақырылған қонақтар мемлекеттік қызметте істейтін нәзік жандылар қауымының хал-ахуалы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы, жұмыс орнында жыныстық қысымның алдын алу мәселелері туралы баяндама жасады. 
-Әр азаматтың құқы мен еркіндігін қорғайтын басты құжат – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Онда кемсітушіліктің кез келген түріне, формасына жол беруге болмайтыны көрсетілген. Еліміздің гендерлік саясатының негізі ерлер мен әйелдердің құқы, мүмкіндіктері мен міндеттері тең дәрежеде болатын қоғам құруға бағытталған, - деп атап өтті Нұрсұлтан Төлендиев. 
Семинар соңында қатысушылар спикерлерге өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша сұрақ қойып, тиісінше жауап алды.