Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК

qarlygash.qr-pib.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен оқытудың заманауи қызметтерін көрсететін еліміздегі жетекші білім орталығы болып табылады. 

Кәсіпорынға 3 балабақша қарайды, және олардың әрқайсысының өз ерекшелігі, басқа балабақшалардан бірнеше саты жоғары ететін айырмашылықтары мен басымдықтары бар. Атап айтқанда, біздің балабақшалар ұйымдастыру-құқықтық нысанымен, ішкі құрылымы және штат кестесімен, білікті педагогикалық және медициналық кадрларымен, заманауи материалдық-техникалық базаларымен, өз ішкі нормативтік актілері және әдістемелік оқу құралдарымен ерекшеленеді. 
 

Жалпы жобалық қуаты – 750 орын. Республикалық бюджет есебінен 32 топ жұмыс істейді. Бірінші объекте коммерциялық негізде жұмыс істейтін 1 (бір) топ бар. 

 

Балабақшаларда «сурет»-қабырғалар, балалардың белсенділік орталықтары, робототехника зертханасы, аква және гидропондық қондырғылар сияқты интерактивті коммуникативті технологиялар қолданылатын оқу ортасы ұйымдастырылған. 
 

Жоғары білікті кадрлар балабақшалардың басты ресурстарының бірі саналады. Педагогтардың 80 пайыздан астамының біліктілік санаты бар, осының арқасында тәрбие-білім беру процесін жоғары деңгейді жүргізу мүмкін болып отыр. 


Біздің балабақшаларымыздың тәрбиеленушілері халықаралық зияткерлік және шығармашылық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. Түлектеріміз Республикалық физика-математика мектебі, Назарбаев зияткерлік мектептері, Дарынды балаларға арналған «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, Астана халықаралық мектебі, Қазақ ұлттық хореография академиясы және «Нұрорда» ҚТЛ сияқты еліміздің үздік мемлекеттік және халықаралық мектептерінде үздік білім көрсетуде. 

10 жылдың ішінде балабақшамыздың педагогтары шетелдерде болып, мектепке дейінгі тәрбие ісі бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді үйреніп келді және бүгінде алған тәжірибелерін күнделікті жұмыстарында қолданып отыр. Тіл үйретудің инновациялық әдісі, зияткерлік дамытудың мультимедиялық технологиясы, Воскобовичтің дамытушы ойындары, М.Монтессори әдістемесі элементтері, робототехника негіздері және басқа да әдістер сияқты инновациялық оқу әдістері біздің балабақшамыздағы тәрбие процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. 

Балалардың және және шығармашылық қабілеттерін ұштай түсу үшін спорттық, шығармашылық, зияткерлік, сауықтыру және бос уақытты ұйымдастыру бағыттары бойынша қосымша бағдарламалар ұйымдастырылады. 

Отандық мектепке дейінгі білімнің сапасын арттыру мақсатында «Қарлығаш» балабақшасы өз тәжірибесін тарату
жұмыстарын бастап, республикамыздың балабақша қызметкерлері үшін бірнеше семинар өткізді. Атап айтқанда, 2019 жылғы 26 сәуірде елордалық 105 педагог ХХІ ғасырда балалардың дағдылары мен құзырларын дамытудың тиімді әдістерін үйренсе (4К), 15 маусымда еліміздің әр өңірінен келген 100 шақты педагог өз білімдерін шыңдады. 

Біздің Кәсіпорын ҚР ИСО 9001-2009 СТ сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатына ие Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестікті талдаған Мемлекеттік аттестацияның қорытындысы бойынша біздің Кәсіпорын алдыңғы қатарлы балабақшалардың қатарына жатқызылып отыр. 

МІНДЕТ: болашақ қазақстандықтардың табысты болу мүмкіндіктерінің негізін мектепке дейінгі білім беру жасынан бастап қалау. 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Балаларды дамыту мен оқытуда заманауи қызметтер көрсететін еліміздегі жетекші балабақша атану.