Басты бет«БУРАБАЙ ДАМУ» ЖШС

«БУРАБАЙ ДАМУ» ЖШС

burabaydamu.qr-pib.kz

Ұйымның құрылған жылы: «Бурабай даму» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №105 қаулысы негізінде құрылған.

Қызмет саласы: Қазақстан Республикасы Іс Басқармасының Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы объектілерін күтіп ұстау және пайдалану,2015 жылғы 3 маусымдағы № 15010457 лицензия негізінде жүзеге асырылатын операторлық қызметі «Бурабай даму» ЖШС қызмет саласы болып табылады.

Ұсынылатын қызметтер:

 «Бурабай Даму» ЖШС туристік қызметтерді ұсынады және келушілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету үшін бірқатар объектілері бар, олар:

1) Визит–орталығы – орталық 2009 жылы салынған. Бүгінгі күні Визит-

орталығы туристік ойын-сауық, мұражайлар мен Зообұрыштар кешені болып табылады. Мұнда келушілер аймақтың табиғи аумағының флорасы мен фаунасы, көрікті жерлер, туристік бағыттар бойынша экскурсиялар және туристік пакеттердің болуы туралы толық ақпарат ала алады.

2) «Жайлау» этноауылы - қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен,

тұрмысымен, дәстүрлерімен және ас үйімен танысуға болатын этнографиялық ауыл.

 3) Абылай хан атындағы экспозициялық кешен өскелең ұрпақты

Қазақстанның тарихи және рухани мұрасына тарту, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу сияқты міндеттерді орындайды.

 4) «Burabayland» ойын-сауық паркі таза ауада спорттық және белсенді демалыс әуесқойлары үшін кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынады. Қыста мұнда хаски иттері мен жылқыларға жегілген шаңғыларда, квадроциклдерде, қарда жүретін шаңғымен, шаңғылармен, конькимен сырғанауға болады. Жазда-велосипедтерде, картингтерде, роликтерде, қайықтарда және катамарандарда. Сондай-ақ парк аумағында әртүрлі аттракциондар мен экскурсиялар бар.

 5) Жалға беру пункттері белсенді демалуға арналған, онда сіз велосипедтерді жалға алып, арнайы веложолдарда сырғанауға болады.

6) «Бурабай» курорттық аймағының ақпараттық байланыс-орталығы, оның жұмысы «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады және «Бурабай» курорттық аймағына келетін туристер мен қонақтармен тәулік бойы өзара іс-қимыл жасайды.

«Бурабай Даму» ЖШС миссиясы Щучье-Бурабай курорттық аймағының тартымды туристік имиджін қалыптастыруға, барлығына қолжетімді сапалы демалысты ұйымдастыруға барынша ықпал ету болып табылады. «Бурабай Даму» ЖШС ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру және ассортиментін кеңейту есебінен курорттық аймақта туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №105 Қаулысымен құрылған, оның негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағандағы объектілерді күтіп-ұстау және пайдалану болып айқындалған.

«Бурабай даму» ЖШС Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы жалғыз туристік ұйым болып табылады, оның жүргізуінде өңір үшін ерекше маңызды туристік және әлеуметтік-мәдени нысандағы объектілер бар, олар: Визит-Орталық, Абылайхан алаңындағы экспозициялық кешен, «BurabayLand» ойын-сауық отбасылық паркі, Щучье көлі мен Бурабай көлінің жағалау аймағында прокат пункттері бар жаяу және велосипедпен жүретін жолдар. Аталған объектілер «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекше күзетілетін табиғи аумағында орналасқан. 2015 жылғы 3 маусымда Серіктестікке туроператорлық қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілген.