
Jibek Joly телеарнасының «Таза қала» жобасы «Тұмар – 2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза қала» ауқымды тележобасы басталған болатын. Түсірілім тобы Қазақстанның ірі және кіші қалаларына барып, олардың тазалығы мен сұлулығы туралы әңгімелейді. Журналистер жергілікті тұрғындармен, өңірлердің экологиялық өміріне белсенді қатысатын еріктілермен кездесіп, коммуналдық қызметтердің жұмысымен танысады.