


Іс басқармасының Медорталығына қарасты Almaty Resort шипажайы Алматының ең ірі жазғы фестивальдерінің бірі — Do be doo джаз-пикник алаңына айналды. Бұл туралы 98mag.kz хабарлады.
2000-нан астам қонақ, блогерлер және жанды музыка әуесқойлары шипажай аумағындағы алаңды ашық аспан астыдағы театрға айналдырды. Сахнада джаз және классикалық музыканың үздік әртістері, соның ішінде Полина Осетинская, Jazz House ансамблі және Талисман тобы өнер көрсетті.
Almaty Resort орналасқан әсем табиғаты аясы музыка, гастрономия және көтеріңкі көңіл-күй ұштасқан әдемі аураға бөленді. Шипажай аспаздары түрлі тағам мен өздерінің мерекеге орай әзірлеген кондитерлік өнімдерін ұсынды. Демалушылар мен қонақтар іс-шараның ерекше, мерекелік атмосферасын атап өтті.
Оқиға туралы толық материалды сілтеме 98mag.kz арқылы оқуға болады.