Басты бет«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК

«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК

 

Ұйымның құрылу жылы: 2000 жыл.

Қызмет саласы: Азаматтық авиация.

Көрсетілетін қызметі:

Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа авиациялық қызмет көрсету.

Ұйымның сипаттамасы:

ҚР ПІБ «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК Астана қаласында «Астана халықаралық әуежай» АҚ аймағында орналасады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК құру туралы» 2000 жылғы 18 мамырдағы №745 қаулысымен құрылды.

Кәсіпорынды басқару органы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа авиациялық қызмет көрсету болып табылады.