Басты бетКәсіби мереке орай, ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлері марапатталды

Кәсіби мереке орай, ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлері марапатталды

Кәсіби мереке орай, ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлері марапатталды Кәсіби мереке орай, ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлері марапатталды Кәсіби мереке орай, ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлері марапатталды Кәсіби мереке орай, ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлері марапатталды Кәсіби мереке орай, ҚР ПІБ жүйесі қызметкерлері марапатталды

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай, ҚР Президентінің Іс басқармасында ұзақ жылдардан бері жемісті қызмет атқарып, өзге әріптестеріне үлгі болып жүрген білікті мамандар марапатқа ие болды. 

Көп жылғы адал еңбегі үшін Іс басқармасының ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі Қорлан Рахымжанқызы Әубәкіроваға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Үздік мемлекеттік қызметші наградасы тапсырылды. 

Сондай-ақ ҚР ПІБ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шолпан Исабайқызы Жұмағұлова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Мемлекеттік қызмет ардагері наградасына лайық деп табылды. Ш.Жұмағұлова мемлекеттік қызмет саласындағы 30 жылға жуық еңбек өтілінің 26 жылында Президент Іс басқармасында табысты қызмет атқарып келе жатқанын атап өткен жөн. 

Мерекемен тұспа-тұс, Іс басқармасы қызметкерлерінің сапына жаңадан қосылған жас маманның ант беру рәсімі өтті. Цифрландыру және жобалық басқару бөлімінің сарапшысы лауазымына қабылданған Камила Әлібиқызы Биарыстанова салтанатты түрде ант берді. Әріптестері оны құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.