
Іс-шарада сөз алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сапары және өңірлік күн тәртібіне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.
Саммит аясында біз саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасуымыз керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті екі жыл бұрын Сиань қаласында өткен «Орталық Азия — Қытай» бірінші саммиті өңірлік өркениеттің жаңа форматта қарқынды дамуын бастағанын атап өтті.
Саммит қорытындысы бойынша Астана Декларациясына және мәңгілік достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою жоспарлануда.
Саммит барысы туралы ҚазАқпарат агенттігінің жаңалықтар желісінен толығырақ оқуға болады.