


Күні кеше ғана атап өтілген Медицина қызметкері күнінде «24KZ» телеарнасы Ұлттық госпитальдың «көзі тірі аңызы», кеңесші 86 жастағы Ахат Муліков туралы сюжет жариялады.
Ахат Әминұлы кезінде Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәрігері болған. Жасы біразға кеғлсе де әлі күнге тың, пациенттерге кеңес береді, сонымен бірге жас мамандар арасында өз тәжіірибесін бөліседі.
ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталы биыл 95 жылдығын атап өтіп жатыр. Ахат Мүліков осы қара шаңырақта 60 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарған, 20 жылы Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәрігері болған, қазір де қызу еңбектен қол үзге қойған жоқ.
Жаны қиналған науқасқа, жазатайым оқиғаға тап болған адамға әрқашан көмектескіміз келеді. Еміңіз шипалы болып, алдыңыхзға келген адамның айыққан кезде оның көз жанарынан шексіз ризашылықты көресіз. Одан кейін еш атақтың да қажеті шамалы! «Жақсылық жасауға асық» деген Чеховтың сөзі бар. Егер бүгін жақсылық жасай алсаңыз - жасаңыз. Ертең кеш болады», - дейдіді Ахат Әминұлы өзінің өмір принциптері туралы.
Ұлттық госпиталь мамандары айтқандай, Ахат ақсақал олар үшін мамандыққа адал болудың шынайы үлгісі болды.
Мәдениеті жоғары, ақылды, асыл адам, онымен жұмыс істеудің өзі керемет. Жеке өзім одан көп нәрсені үйрендім. Пациенттермен, әріптестермен және жалпы өмірге қатысты қарым - қатынас тұрғысынан, - деп атап өтті ҚР ПІБ МО ұлттық госпиталі директорының кеңесшісі Жанара Құсымжанова.
Дәрігердің өмірі мен оның өзін үнемі бабында ұстауының құпиялары туралы толығырақ мына 24KZ сілтеме арқылы көруге болады.