Басты бетШЖҚ-дағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК

ШЖҚ-дағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК

io-mtqb.qr-pib.kz

КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - Инженерлік орталық) 1990 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. Инженерлік орталық өз жұмысын іс жүзінде қалыптастырылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ететін толық ақпарат ресурстары, ұйымдастыру құрылымы және жүйелі-техникалық кешендері болмай тұрып бастады. Бүгінгі таңда биліктегі заң тарауының ақпарат ресурстарын қамтитын ҚР Парламентінің ақпараттық қорлары, ҚР Парламентінің қызметін ақпараттық қамтамасыз етуін талдау, осы саладағы тәжірибе, проблемалар, жетістіктер туралы айтуға болады. Инженерлік орталық Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметін, дауыс берудің электрондық жүйесін пайдалану, дыбыс күшейту, қос Палатаның жалпы отырыстарының, палаталардың Бюролары мен тұрақты комитеттері отырыстарының сөздерін және ілеспе аудармасын жазу, стенографиялау, жергілікті желілердің есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу, Парламент іс-шараларының сапалы бейне- және фото жазбаларын, бейне материалдарын жазу және монтаждауды жүргізеді: Парламенттің жеке телестудиясында депутаттармен сұхбат, көшпелі іс-шаралар, ресми кездесулердің тікелей көрсетілуін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің және «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және сүйемелдеу;

Қазақстан Республикасы Парламентінің веб-сайтын сүйемелдеу, жаңғырту және дамыту;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Мәжілісі депутаттарының, аппараттарының қызметін ақпараттық жарықтандыру жөніндегі медиақызметтер көрсету (фотоқызметтер, бейнеқызметтер және теле бағдарламалар шығару);

Электрондық дауыс беру, дыбыс күшейту, аудио-,бейне жазбалар, сөзді бірнеше арналы ілеспе аудару жүйелерін, стенографиялау жүйесін пайдалану;

Фото- және бейне жабдықтарды, телестудиялық кешендерді енгізу және пайдалану;

Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық-есептеу желісін пайдалану;

Автоматтандырылған телефон станцияларын және телевизиялық жабдықтарды пайдалану;

Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық коммуникациялық жабдықтарына жүйелік қызмет көрсету.