
Медицина қызметкері күніне орай, ҚР ПІБ Медорталығына қарасты мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты рәсім өтті. Президенттің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов құттықтау сөз сөйлеп, еселі еңбегімен көзге түскен азаматтарды марапаттады.
Отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін Бекмұратова Бағымкүл Нағашыбайқызы - «Қарлығаш» балабақшасы» РМК мейірбикесі, Коноплева Любовь Васильевна - «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ емдеу-оңалту бөлімшесінің терапевт дәрігері, Түсіпбекова Ғалия Марксқызы - Медициналық орталық ауруханасының аллергология орталығының басшысы Құрмет орденімен марапатталды.
Байсқақова Майра Қабденқызы - Ұлттық госпитальдің мейірбике ісі жөніндегі менеджері, Ли Антон Иванович -Медициналық орталығының ауруханасының хирург-дәрігері, Марденова Сәуле Мағауияқызы - Ұлттық госпитальдің республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының кеңесшісі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Абиналқызы Кербез - «Оқжетпес» ЕСК «Алматы» филиалының мейірбике-үйлестірушісі, Әубәкірова Ләззат Қожагелдіқызы – Медорталық Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының фельдшер-зертханашысы, Дүйсембаева Назгүл Үмітханқызы - Медорталық ауруханасының аға мейірбикесі «Шапағат» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, тағы бірқатар қызметкерлерге Президент Іс басқарушысының Құрмет грамотасы тапсырылып, Алғысы жарияланды.