Басты бетДезинфекциялық заттар да денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін – сарапшы кеңесі

Дезинфекциялық заттар да денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін – сарапшы кеңесі

Дезинфекциялық заттар да денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін – сарапшы кеңесі Дезинфекциялық заттар да денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін – сарапшы кеңесі Дезинфекциялық заттар да денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін – сарапшы кеңесі

Дезинфекция – гигиенаның ажырамас бөлігі десек артық емес. Үйде де, жұмыста да, қоғамдық орындарда да дезинфекциялық құралдар кеңінен пайдаланылады. Алайда оны дұрыс қолданбаса, адам денсаулығын бактериялардан қорғаудың орнына қауіп төндіруі әбден мүмкін. smartnews.kz порталында жарияланған материалда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасының сарапшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды. 

Бұл мекеменің Токсикология зертханасының мамандарының айтуынша, жиі қолданылатын көптеген дезинфекциялық заттар ағзаға қауіп төндіруі мүмкін.

Олардың құрамындағы хлор қосындысы, спирт және төрттік аммоний тұзы сынды компоненттер бактериялар мен вирустарды өлтіргенімен, адамның терісін, көзін, тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, аллергиялық реакциялар туғызуы ықтимал. Кей жағдайларда уытты заттар ағзада жиналып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, шамадан тыс стерильділік баланың табиғи иммундық жүйесінің әлсіреуіне де алып келеді.

Біз зерттеулер барысында рұқсат құжаттары бар дезинфекциялық заттардың да дұрыс қолданылмаған жағдайда теріні тітіркендіретінін байқадық. Сондықтан қауіпсіздік – тек құрамында емес, оны қалай пайдалануға да байланысты, – дейді Токсикология зертханасының фельдшер-зертханашысы Саламат Жанықұлова.
Толығырақ мына сілтемеде smartnews.kz