


BAQ.KZ порталында ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының бас офтальмологі, медицина ғылымдарының докторы Мадина Құрманғалиеваның сұхбаты шықты.
Ауқымды сұхбатта жоғары санатты дәрігер көз жанарын қалай күту жолдары, офтальмология саласының даму барысы, глаукома мен өзге де көз ауруларының ерекшеліктері, емдеудің қандай заманауи әдістері туралы сөз қозғады.
Оның айитуынша, жасөсіпірімдер компьютер мен гаджеттерді ұзақ уақыт пайдаланатындықтан, алыстан көрмеу, яғни миопия жиі байқалады. Сондықтан көзге түсетін күшті мөлшерлеп шектеу қажет.
Сонымен қатар қимыл-қозғалысты және құнарлы, пайдалы тағамды үйлестіру қажет. Көзілдірік тағу немесе лазерлік түзету (20 жастан кейін) – көруді жақсарту әдісі ғана, ол миопиядан толық айықтырмайды. Ең маңыздысы – көзді демалдырып, ұйқы толыққанды болғаны абзал, бұл бүкіл ағза үшін де қажет, - дейді дәрігер.
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады baq.kz