Басты бетНейрохирург мамандығы – дәлдікті және үнемі дамуды талап етеді

Нейрохирург мамандығы – дәлдікті және үнемі дамуды талап етеді

Нейрохирург мамандығы – дәлдікті және үнемі дамуды талап етеді Нейрохирург мамандығы – дәлдікті және үнемі дамуды талап етеді Нейрохирург мамандығы – дәлдікті және үнемі дамуды талап етеді

Ұлт саулығына жауапты мекемелердің бірі – ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің нейрохирургия бөлімінде еңбек етіп жүрген жас маман, нейрохирург Рауан Айтелі өз мамандығы мен қазіргі заманғы нейрохирургия жайлы ой бөлісті. 95 жылдық тарихы бар ауруханада ол жаңа буын дәрігерлерінің лайықты өкілі саналады.

Оның айтуынша, нейрохирургия – медицинадағы ең жауапты әрі технологиялық тұрғыдан күрделі салалардың бірі. Қазіргі заманғы нейрохирургияда микроскопиялық хирургия, нейронавигация, эндоскопия және нейрофизиологиялық бақылау сынды жоғары технологиялар кеңінен қолданылады. Ми мен жұлынға жасалатын операцияларда ең кішігірім қателіктің өзі сөйлеу, көру, қимыл-қозғалыс қабілеттерінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Дегенмен, дәл осы операциялардың аса жоғары дәлдікпен орындалуы нейрохирург мамандығының ерекше құндылығын айқындайды.

– Бұл салада кәсіби дайындықтан бөлек, табандылық, өз ісіне берілу, әрі жылдам шешім қабылдау қабілеті аса маңызды. Біздің жұмысымызда әрбір миллиметр шешуші рөл атқарады. Сол себепті дәрігер үнемі оқып, инновацияларды меңгеріп отыруы керек, – дейді Рауан Айтелі.

Биыл ол Париж қаласында өткен беделді халықаралық конференция – LINNC (Live Interventional Neuroradiology & Neurosurgery Course) қатысып, кәсіби біліктілігін арттыру бағытында тағы бір маңызды қадам жасады.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында жас нейрохирург әріптестерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, тәлімгерлік танытып жүрген аға буын дәрігерлерге алғысын білдірді.

– Мен үлкендерден көп нәрсе үйреніп жүрмін. Әр науқасқа деген жауапкершілік, мұқияттылық, ең қиын сәттерде сабыр сақтай білу – бұл мен үшін үлкен үлгі, – деп бөлісті ол