Басты бет«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ptrk.qr-pib.kz

Ұйымның құрылған жылы:

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені » КЕАҚ-ы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.1996 ж «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мемлекеттік мекемесін құру туралы» №1671 Қаулысына сай, сондай-ақ, ҚР «Акционерілік қоғамдар туралы » Заңымен және ҚР Үкіметінің «ҚР Президентінің ТРК» Коммерциялық Емес Жабық Акционерлік Қоғамын қайта құру жөніндегі 17 тамыз 1999 жылғы № 1178 Қаулысына сәйкес қайта құрылды.

ҚР Президенті Іс басқарушысының 2005 жылдың 11 ақпандағы №06/20 бұйырығына сай 2005 жылдан осы уақытқа дейін «ҚР Президентінің ТРК» КЕЖАҚ-ынан «ҚР Презиидентінің ТРК» КЕАҚ-ы болып қайта аталып келеді.

Қызмет саласы:

Қоғамның негізгі қызметіне Қазақстан Республикасы туралы Қазақстан Республикасы Мемлекетінің басшысы мен Үкіметінің қызметтері сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысы жайында аудиокөрілімдік ақпараттар жасап, тарату жатады.

Қоғам жүзеге асыратын қызметтер түрлері:

1) Бейне-аудио,кино және фотоқұжаттар жасап,жинап,өңдеу,сондай-ақ, оларды қалыпқа келтіріп, жүйелеп отыру:

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке Мұрағатына арнап бейне-аудио,кино және фотоқұжаттар жасау:

3) Бейнефильмдер мен телебағдарламалар өндірісін жасап және тарату:

4) Кинофестифалдар, форумдар, концерттер, конференциялар, байқаулар ұйымдастырып, өткізу:

5) Журналдар,газеттер,буклеттер және өзге де баспа өнімдерін шығару:

6) Ақпараттық және жарнамалық қызметтер көресту:

7) Өзінің құрылу мақсатына кері келмейтін өзге де қызметтер түрлері