

Бағдарлама барысында сарапшы Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны тек мемлекеттің ресми атрибуттары ғана емес, сонымен қатар елдің тарихи сабақтастығы мен мәдени құндылықтарын, тәуелсіздік идеясын айқын білдіретін ұлттық бірегейліктің маңызды нышандары екенін атап өтті.
Юлия Костяная мемлекеттік рәміздердің коммерциялық мақсатта қолданылу мәселесіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, қазақстандық тудың бейнесі азық-түлік қаптамаларында, кәдесыйлар мен өзге де тауарларда, соның ішінде шетелдік маркетплейстерде жиі пайдаланылуда. Бұл жағдай мемлекеттік рәміздердің қасиетті мәнін төмендетіп, олардың қадірін кетіруі мүмкін.
«Мемлекеттік рәміздерді қолдану кезінде заң талаптарын сақтап, оларға лайықты құрмет көрсетілуі тиіс. Бақылаусыз коммерциялық мақсатта қолданылуы ұлттық бірегейлік туралы қоғамдық түсінікке кері әсер етуі ықтимал», — деп атап өтті сарапшы.
Сонымен қатар, Юлия Костяная рәміздерді коммерциялық салада пайдалануды реттейтін нақты тетіктерді әзірлеу қажеттігін және бұл бағыттағы бақылауды күшейтудің маңыздылығын айтты.
Бағдарламаның толық нұсқасын «24 KZ» телеарнасының ресми арнасынан мына сілтемеге өту арқылы көре аласыз: youtube