


2025 жылғы 4 маусымда Астанадағы Қазақстан Республикасы Президенті орталығы ғимаратының алдындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты плац-концерт өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айбын Президенттік полкінің Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестрі қатысады. Мерекелік концерттің бастамашысы – ҚР Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығы.
Бағдарлама аясында Құрмет қарауылы ротасының саптық көрсетілімі және оркестрдің ұлттық әрі заманауи музыкалық шығармаларды орындауы жоспарланған. Жалпы 120 қызметкер жұмылдырылады.
Плац-концерт — мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің, елге адал қызмет етудің және отансүйгіштік рухтың айқын көрінісі болмақ.