

Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орайластырылған пікірсайыс Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарды талқылау, тәжірибе алмасу және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін бірлескен шешімдерді іздестіру алаңына айналуға тиіс.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Мәжіліс депутаттарының, ғылым өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің және салалық сарапшылардың қатарынан шамамен 60 адам қатысады.
Пікірсайыста спикер ретінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықова, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқармасы төрағасының орынбасары Сауле Қозыке, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Наталья Дәулетиярова, Парламент Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның сарапшысы Айжан Ысқақова, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының Экология және табиғатты пайдалану кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Владимир Дехнич, Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат сөз сөйлейді.