Басты бет«АЛАТАУ ҚОНАҚ ҮЙІ» АҚ

«АЛАТАУ ҚОНАҚ ҮЙІ» АҚ

 

Ұсынылатын қызметтер:

Қоғам қонақүй (туристік) бизнестегі шаруашылық қызметті жүзеге асырады, қонақүйге келушілердің емі мен демалысын ұйымдастырады.

Ұйымның суреттемесі:

«Алатау» қонақүйі» акционерлік қоғамының миссиясы Қазақстан Республикасының резиденттері мен резиденттері болып табылмайтын өзге тұлғаларға Түркия Республикасы Анталья қаласының Бельдиби кентінде орналасқан қонақүйде демалыс және күш-қуатты қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету. Көрсетілетін қызмет сапасының арқасында қонақүйге әлемнің түрлі елдерінің өкілдері келеді. Олар – Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, ТМД, Израиль, Орта Азия елдерінің туристері мен Түркия Республикасының жергілікті тұрғындары.

Туристерді тамақтандыру «бәрі есептелген» жүйесі бойынша жүргізіледі. Қонақүйде негізгі мейрамханадан басқа «a’la сarte» бес мейрамханасы бар, олар – француз және италия мейрамханалары, балық, түрік мейрамханалары, гриль-мейрамхана. Қазіргі кезде «Алатау» қонақүйі жыл сайын өзінің бес жұлдызды қонақүй мәртебесін дәлелдей отырып, қонақүйге келушілердің толық демалысы мен күш-қуатын қалпына келтіруін қамтамасыз етеді.