Ұйымның құрылған жылы: 1997 жылғы 28 қазан
Қызмет саласы:
Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мен оның отбасы мүшелерінің, сондай-ақ өзге де қызмет көрсетілетін адамдардың қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету;
2) Кәсіпорын теңгеріміндегі және қарамағындағы объектілер мен іргелес аумақтарға, оған бекітілген не заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынға берілген орынжайларға кешенді қызмет көрсетуді, оларды күтіп ұстауды және техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, сондай-ақ өзге де қызмет көрсетілетін адамдардың қатысуымен өтетін ресми және басқа да іс-шараларға қызмет көрсету;
4) Қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсету;
5) қызмет көрсетілетін адамдарға тұру орындарын беру жөніндегі қызметтер;
6) келетiн делегацияларды және жекелеген адамдарды, оның ішінде шетелдiк адамдарды Касiпорын карауындағы дипломатиялық қалашықта жоғары деңгейде орналастыру және қызмет керсету жөнiндегi қызметтер