Басты бетМедиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады

Медиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады

Медиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады Медиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады Медиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады Медиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады Медиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады Медиашығармашылық 2.0: цифрлық даму – балалық шақтан басталады

Балаларды қорғау күніне орай ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасында мектепке дейінгі балаларды дамытуда қолданылып жатқан заманауи тәсіл – медиашығармашылық 2.0 туралы кеңінен айтылды.

Бұл инновациялық әдіс баланы тек цифрлық контенттің тұтынушысы емес, ақпараттық кеңістіктің белсенді әрі саналы қатысушысы ретінде қалыптастыруды мақсат етеді.

Балабақшада балалар медиаконтент жасауды үйреніп, цифрлық сауаттылықтың негіздерін, әңгімелеу (сторителлинг) өнерін және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін меңгереді. Бұл тәсіл олардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытуға және цифрлық ортада сенімді әрекет етуіне ықпал етеді.

Медиашығармашылықтың оқу үдерісіне енгізілуі заманауи технологияларды қолданумен қатар жүреді: толықтырылған және виртуалды шынайылық, жасанды интеллект негізіндегі бейімделген білім беру құралдары арқылы оқыту анағұрлым дербестендірілген әрі қызықты болады.

Бүгінде «Қарлығаш» балабақшасында медиашығармашылық – ойын, шығармашылық және дамуды өзара ұштастыра отырып, білім беру кеңістігінің ажырамас бөлшегіне айналды. Цифрлық құралдар дәстүрлі оқытуға балама емес, оны толықтыратын, баланың әлемді зерттеуіне, ойлап табуына және жаңа қырынан тануына жол ашатын тиімді құрал ретінде қолданылады.