Басты бетПрезиденттік орталықта қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс өтті

Президенттік орталықта қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс өтті

Президенттік орталықта қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс өтті Президенттік орталықта қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс өтті Президенттік орталықта қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс өтті Президенттік орталықта қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығының ғылыми қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында елорда колледждерінің студенттеріне онлайн дәріс өткізді.

Дәріс барысында студенттерге 1930 жылдардағы ашаршылықтың алғышарттары мен зардаптары, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің ауқымы, жапа шеккен ғалымдардың, мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сондай-ақ қарапайым азаматтардың тағдыры жайлы айтылды. Қазақстан аумағына әртүрлі этностардың депортациялануы және қоныс аударған адамдардың жаңа, көбінесе қиын жағдайларға бейімделуі тақырыбы қамтылды.

ГУЛАГ лагерінің жүйесіне, оның ішінде республика аумағында жұмыс істейтін ірі лагерьлерге және тұтқындардың өмір сүру жағдайларына арнайы тақырыптық блок арналды. Тарихтың ақтаңдақ беттері – диссиденттердің тағдыры, идеологиялық қысымға қарсылық, сондай-ақ жастардың наразылығы мен азаматтық ұстанымының символына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы да сөз қозғалды.

Дәріс мұрағаттық материалдармен, құрбан болғандардың өмірбаяндарымен, тарихи деректермен толықтырылды. Қатысушылар қазіргі қоғамдағы жады мен тарихи шындықтың маңыздылығы туралы сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік алды.