







Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасы қызметкерлерінің балалары арасында «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында сурет конкурсы ұйымдастырылды.
Балдырғандардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайтуға, тыныштық пен татулықты дәріптеуге арналған конкурсқа қатысушылар жас деңгейіне қарай 2 топқа бөлінді. 3-7 жас және 8-12 жас аралығындағы балалардың суреттерін қазылар алқасы қарастырды.
Өнерімен ерекшеленген бүлдіршіндерді марапаттау рәсімінде ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Әбдірахманов сөз алды. Ол: "Бала – өміріміздің жалғасы, еліміздің ертеңі. Байқауға жолданған суреттердің қай-қайсысы да әдемі. Баланың қиялындағы бейбіт өмір тамаша бейнеленіпті. Конкурсқа қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, денсаулық, табыс тілеймін. Әлемде бейбітшілік пен келісім болсын!" - деп атап өтті.
Сонымен, 5 адамнан тұратын қазылар алқасының шемімімен 3-7 жастағы қатысушылар арасында суретшілік шеберлігімен ерекшеленген 4 жасар Аниса Қайсарқызы - ІІІ орынды, ал 6 жасар Құрмет Жақсылық - ІІ орынды иеленді, І орынды 7 жасар суретші балдырған Сая Қапен жеңіп алды.
8-12 жас аралығындағы суретшілердің ішінен жеңімпаз бен жүлдегерді іріктеу оңай болған жоқ. Себебі, қатысушылардың саны да көп, суреттері де сапалы болды. Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша ІІІ орынды Байсал Болат иеленді. ІІ орын Бақ-Мұхаммед Демесіннің еншісіне тиді. Бірінші орынды Арслан Сүлеймен жеңіп алды.
Конкурс қорытындысы бойынша қалған қатысушылардың да еңбегі бағаланып, арнайы Алғыс хаттармен марапатталды