Басты бетJibek Joly телеарнасы жаңа жобаны іске қосты

Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаны іске қосты

Jibek Joly телеарнасы жаңа жобаны іске қосты

2025 жылғы 1 мамырдан бастап Jibek Joly телеарнасында «Правда в деталях» атты жаңа журналистік зерттеу жобасы эфирге шығады. Жоба – нақты қылмыстық істерге арналған журналистік цикл. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

Аталған тележоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық қорғау органдарының жұмысын және әділеттілік механизмдерін іс жүзінде көрсету.

Бұл жоба – жай ғана оқиғалардың хронологиясы емес. Бұл – өмірден алынған оқиғалар, шынайы сұхбаттар, сарапшылардың пікірлері мен қылмыстардың толық реконструкциясы. Жоба әділет жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, тергеу қалай басталып, қандай шешімдер қабылданатынын, ол шешімдердің адамдар тағдырына қалай әсер ететінін жан-жақты көрсетеді.

Күрделі істердің түйінін тарқататын зерттеулерді жіберіп алмаңыздар – 1 мамырдан бастап Jibek Joly телеарнасында.