



Күн сайын тұтынып жүрген тұнық суда да көзге көрінбейтін, ағзаға аса қауіпті заттар жасырын болуы мүмкін. Осы улы диоксиндер адамды қатерлі ісікке шалдықтырып, гормондық тепе-теңдікті бұзып, иммундық жүйені әлсіретуі әбден мүмкін. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жанындағы Референс-зертхананың маманы kaznovosti.kz тілшісіне берген сұхбатында осы тақырыпта жан-жақты баяндап берді.
— Диоксин дегеніміз — қоқыс жағу, пластикті өңдеу, метал балқыту және химиялық өндіріс секілді өнеркәсіптік үдерістерден қалатын көзге көрінбейтін, аса улы қалдық. Бұл органикалық қосылыстар табиғатта оңайлықпен ыдырамайды — жылдар бойы топырақта, су көздерінде, тіпті тірі ағзалардың өзінде жинала береді.
Диоксиндердің ең үлкен қаупі — олардың өте аз ғана мөлшерінің өзі адам ағзасына зор залалын тигізуі мүмкін. Олар гормондық жүйенің жұмысын бұзып, иммунитетті әлсіретіп, бедеулікке әкеп соқтыруы, тіпті қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болуы ықтимал. Бұл улы заттарды иісінен де, дәмінен де сезіп білу мүмкін емес. Тек арнайы зертханалық талдау ғана олардың бар-жоғын нақты көрсете алады,- дейді маман Нұрлан Есенбайұлы.
Оның айтуынша, диоксин жазда аулада тұрған жай ғана құдықтың өзінен табылып жатады. Әсіресе маңайда пластик қалдықтары отқа жағылған болса - қауіп еселене түседі.
Бұл зиянды заттар ауызсуға қалай түседі? Одан қалай сақтануға болады? Бұл проблема қазір қаншалықты өзекті? Осы сауалдардың жауабын сұхбаттың толық нұсқасынан kaznovosti.kz сілтемесі бойынша оқуға болады.