



Ұлттық госпиталь - Алматыдан ғана емес, еліміздің әр аймағынан тіпті шет елдерден емделушілер көп келетін бірегей медициналық мекеме. Аурухана айналасындағы тазалық келушілердің бірден назарын аударады. Сондықтан осы салада жүрген адамдардың еңбегі атап айтуға тұрарлық.
Ұлттық госпиталь айналасындағы тазалықты қамтамасыз етіп жүрген азамат
Нұрлыбай Ізбасарұлы 2009 жылы ағаш ұстасы болып жұмысқа орыналасқан. 2023 жылдан бастап ауруханада комендант қызметін атқарады. Ол емдеу орыны мен аймақтағы тазалыққа, өсімдіктердің мен ағаштардың күтіміне жауапты 23 маманды басқарады .
-Әкем Ізбасар Аяпов 25-30 жыл көлемінде орман шаруашылығында жұмыс істеген азамат. Бала кезден көріп өскендіктен шығар өсімдіктер дүниесіне деген ықыласым ерекше. Аурухана айналасында 526 түп ағаш бар. Соның ішінде күзде гүлдейтін ерекше «Қызыл ағаш» бар . Алғашқы қар түскенге дейін тұратын, сирек кездесетін сондай 2-3 ағаш 20 жылдан аса біздің аумақта өсіп тұр. Аумақ өте үлкен, аурухана және екі емхананың тазалығына жауаптымыз. Жұмысшылар бес күндік жұмыс кестесімен таңертеңгі сағат 8.00-17.00 аралығында жұмыс істейді. Алыстан облыс аймағынан келетін азаматтар да бар. Жер шалғай болғанына қарамастан олар таңғы сағат 6.30-7.00 шамасында жұмыс орынынан табылады. Бізде жауапкершілік басты орында,- дейді Нұрекең.
Ол биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп аталғанына қуанышты. Қоғамда жұмысы ауыр, бейнеті көп қаншама жұмысшы мамандығы бар. Дегенмен, әр адам өз кәсібіне адал болса, түбінде зейнетін көретін анық деп санайды.