Басты бет«ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ» АҚ

«ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ» АҚ

oka.qr-pib.kz

Орталық клиникалық ауруханасы – халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызметтердің кең спектрін көрсететін «үздік» емдеу-диагностикалық технологияларының мүмкіншілігі бар еліміздің ең үздік клиникаларының бірі.

БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ

Орталық клиникалық ауруханасы (ОКА) еліміздің ертеден келе жатқан медициналық ұйымдарының бірі болып табылады. Аурухананың даму тарихы Қазақстанның барлық денсаулық сақтау жүйесімен ажырағысыз байланысты. Қазіргі уақытта аурухана өз емделушілерін емдеуді ұйымдастыруда новаторлық тәсілмен ерекшеленеді. Отандық және шетелдік денсаулық сақтау жаңалықтарының көпшілігі тап осы жерде жүзеге асырылады, көптеген ауру түрлерін диагностикалау және емдеудің ең озық әдістері енгізіледі.

Ауруханада медициналық қызмет көрсету жүйесі халықаралық деңгейге сәйкес келеді:

2005 жылы қызметкерлер тобын ҚР Мемлекеттік премиясымен марапатталуы;

2008 жылы аурухананың «Еуропа сапасы» (EuropeanQuality) халықаралық наградасын алуы;

2008 жылы көрсетілетін медициналық қызметтің жоғары сапасын Еуропа Бизнес – Академиясының (Оксфорд, Ұлыбритания) тануы;

2007 жылы «EQAS» (АҚШ) сапа бақылауы халықаралық бағдарламаның енгізілуі;

2007 жылы «LONET» (Швейцария) сапа сертификатын, сондай-ақ ИСО 9001: 2000 халықаралық стандарт талаптарының сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін растайтын «Орыс тіркелімі» «Қазақстандық сапа орталығы» сертфикаттарын алуы.

Аурухана 2010 жылы ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес аккредитациядан өтті.

Әлемнің ең үздік клиникаларында оқудан және сынақтан өткен жоғары құзіретті мамандар терапиялық және хирургиялық көмектің заманауи технологияларын игерген. Бізде шетелге шықпай-ақ телемедицина көмегі кезінде әлемдегі ең үздік медицина орталықтарының ғалымдары мен жетекші мамандарынан консультация алуға тамаша мүмкіндігі бар. Аурухананың жетістігі мен қоғамдық танылуы кешенді медициналық көмек көрсету үшін жоғары білікті мамандар ұжымымен, жаңғыртылған медициналық техникасы бар қуатты материалдық техникалық вазамен қамтамасыз етілген. Аурухананың басты мақсаты қалтықсыз сервистік қызмет көрсету және барынша жайлы жағдайда жоғары сапалы медициналық қызмет болып табылады. Бүгінде біз еліміздің емделушілеріне медициналық көмек көрсетеміз, бізге келіп емделуге шетелдік емделушілер де құлшыныс танытуда.

Ауруханада емделушілерге мынадай қызметтер көрсетіледі:

Барлық жағдай жасалған палаталары бар көпсалалы стационар;

Амбулаториялық ақылы қызмет көрсету орталығы;

Күндізгі стационары бар аллергология орталығы;

Экстракорпоральды гемотүзету орталығы;

Магнитті-резонансты және компьютерлік томография орталығы;

Зертханалық диагностика орталығы;

Заманауи дерматокосметология орталығы;

Күндіз жатып емделетін бөлімше;

Үйде көмек көрсету бөлімше;

Жедел және кезек күттірмейтін көмек бөлімше;

Функциялық диагностика бөлімше;

Рентгенология бөлімше;

Емдік денешынықтыру бөлімше;

Физиотерапия бөлімше;

Ультрадыбыстық диагностика бөлімше;

Эндоскопия бөлімше;

Гипербариялық оксигенация (барокамера) кабинеті және басқасы.