Басты бетБолашақ неврологиясы: ҚР ПІБ МО Ауруханасында жүйке жүйесі ауруларын емдеудің заманауи әдістері қ...

Болашақ неврологиясы: ҚР ПІБ МО Ауруханасында жүйке жүйесі ауруларын емдеудің заманауи әдістері қолданылады

Болашақ неврологиясы: ҚР ПІБ МО Ауруханасында жүйке жүйесі ауруларын емдеудің заманауи әдістері қолданылады Болашақ неврологиясы: ҚР ПІБ МО Ауруханасында жүйке жүйесі ауруларын емдеудің заманауи әдістері қолданылады

Қазіргі заманғы неврология бұрын мүмкін емес деп саналған ауруларды тиімді емдеуге жол ашты. Ең бастысы – дер кезінде дәрігерге жүгіну.

«Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Ауруханасының терапиялық бөлімше №3 меңгерушісі, невролог Венера Аймағамбетова бөлімшенің мүмкіндіктері мен заманауи емдеу тәсілдері туралы айтып берді.

Ауруханада диагностика мен емдеудің соңғы технологиялары қолданылады: Тесла 3  қуатты МРТ, ПЭТ-КТ, ЭЭГ бейнеомониторингі, ботулинотерапия, биологиялық терапия, сондай-ақ роботтандырылған оңалту жүйелері бар.

Көпсалалы мамандар тобы инсульт, эпилепсия, нейродегенеративті және аутоиммундық аурулар секілді жүйке жүйесінің кең ауқымды патологияларын емдейді.

Неврологиялық аурулардың алдын алу да маңызды рөл атқарады: белсенді өмір салты, қан қысымы мен қан құрамын бақылау, зиянды әдеттерден бас тарту және дәрігерге уақтылы қаралу жүйке жүйесінің саулығын сақтауға көмектеседі.

Егер сізде бас ауруы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі немесе басқа да белгілер байқалса – дәрігерге қаралуға асығыңыз.