Басты бетҚазақстандық IT-жоба WSIS Prizes 2025 нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 5 бастаманың қатарына енді

Қазақстандық IT-жоба WSIS Prizes 2025 нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 5 бастаманың қатарына енді

Қазақстандық IT-жоба WSIS Prizes 2025 нұсқасы бойынша  әлемдегі үздік 5 бастаманың қатарына енді Қазақстандық IT-жоба WSIS Prizes 2025 нұсқасы бойынша  әлемдегі үздік 5 бастаманың қатарына енді

Қазақстаннан «Ахуалдық-талдамалық кешені» (АТК) цифрлық жобасы - WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауының «Үкіметтердің және АКТ-ны дамыту үшін ілгерілетудегі барлық мүдделі тараптардың рөлі» номинациясында финалистердің бестігіне кірді. Байқауды жыл сайын БҰҰ қолдауымен Халықаралық телекоммуникация одағы (ITU) өткізеді.

Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 973 жоба қатысты. Іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша әрқайсысы 20-дан 18 номинация бойынша 360 жоба іріктелді. Мәре сызығында-әр номинация бойынша 5 жоба.

Қазақстанмен бірге Өзбекстан, Руанда, Мексика және Біріккен Араб Әмірліктерінің бастамалары өз номинациясында финалистің қатарына кірді.

Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген АТК жобасы мемлекеттік сектордағы деректерді талдауға, мониторингтеуге және жедел басқаруға арналған инновациялық цифрлық платформа болып табылады. Жүйе нақты уақыт режимінде жұмыс істейді, ақпаратты жинауды, визуализациялауды және өңдеуді қамтамасыз етеді, стратегиялық шешімдер қабылдауға және мемлекеттік органдар қызметінің негізгі көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Платформа 20 өңірді қоса алғанда, бүкіл ел аумағында әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі бағыттары бойынша 500-ден астам индикаторды қамтиды. Бүгінде АТК Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Президент Іс басқармасында енгізіліп, табысты іске асырылуда.

Жеңімпаздарды финалдық іріктеуді ITU сарапшы қазылар алқасы жүзеге асырады. Соңғы нәтижелер 2025 жылдың 8 шілдесінде Женевада (Швейцария) ақпараттық қоғам мәселелері бойынша Дүниежүзілік жоғары деңгейдегі кездесудің 20 жылдығына арналған WSIS+20 high-Level Event аясында жарияланады.

WSIS Prizes - халықаралық телекоммуникация одағы (ITU) ақпараттық қоғам мәселелері бойынша Дүниежүзілік жоғары деңгейдегі кездесу (WSIS) аясында құрған халықаралық сыйлық. Оның мақсаты - Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланатын үздік әлемдік тәжірибелерді анықтау және ілгерілету