

Мамыр айында Дүниежүзілік артериялық гипертонияға қарсы күрес күні атап өтіледі. Осыған орай, «Almaty Resort» шипажайының жоғары санатты кардиолог дәрігері Ботагөз Дүйсен Бақтұрқызы «Шалқар радиосы» эфирінде артериялық қысымның алдын алу мен бақылау, салауатты өмір салтының маңыздылығы және медициналық тексерулер туралы кеңестерімен бөлісті.
-Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әрбір үшінші ересек адамның қан қысымы жоғары болады. Бірақ көбі оны білмейді, емделмейді. Бұл әлемдегі ең көп тараған созылмалы дерт.
Алайда, ауырсыну белгілері болмағандықтан, адамдар оған мән бермейді. Өкінішке қарай, ол инсульт, инфракт, жұрек пен бүйрек жеткіліксіздігі сынды асқыну салдарына соқтыруы мүмкін. Оған жол бермеу артериялық қан қысымын үнемі өлшеп отыру керек,- деді Ботагөз Бақтұрқызы.