Басты бетИнженерлік-техникалық орталық – Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі

Инженерлік-техникалық орталық – Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі

Инженерлік-техникалық орталық – Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі Инженерлік-техникалық орталық – Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі Инженерлік-техникалық орталық – Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі Инженерлік-техникалық орталық – Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшесі

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы Qaz.AI – Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының мүшелігіне енді. Бұл туралы Qaz.AI хабарлады. 

Тиісті құжатқа «Инженерлік-техникалық орталық» ШЖҚ РМК директоры Даурен Нұралиев пен «Qaz.AI» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ешмұхамбетов қол қойды.

Қауымдастыққа қосылу ИТО үшін мемлекеттік сектор жобаларында озық жасанды интеллект шешімдерін қолдануда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Мүше болу арқылы Кәсіпорын жасанды интеллект саласындағы өзекті зерттеулерге, білім беру бағдарламаларына және заманауи әдістемелерге қол жеткізіп, кәсіби іс-шараларға қатысады, ұлттық цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу процестеріне белсенді араласады.

Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы Qaz.AI елдің цифрлық трансформациясы мен тұрақты дамуына бағытталған озық ЖИ технологияларын енгізумен және дамытумен айналысады. Бұл жоба мемлекет, бизнес және ғылым салаларын біріктіру арқылы қоғам өмірінің сапасын арттыруға және Қазақстанның әлемдік технологиялық қауымдастықтағы позициясын нығайтуға қабілетті инновациялық экожүйе құру жөніндегі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған.