
Іс Басқармасының Президенттік орталығында «Орталық Азия және жасанды интеллекттің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешек» атты Халықаралық конференция өтті.
Аталған іс-шара ЮНЕСКО-ның Астана қаласындағы өңірлік кеңсесі мен Президенттік орталықтың бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
Конференция барысында Қазақстандағы жасанды интеллект (ЖИ) саласының даму перспективалары, оны қолданудағы этикалық қағидаттарды енгізу, сондай-ақ осы саланың алдында тұрған өзекті мәселелер мен қауіп-қатерлер талқыланды.
Сарапшылардың мәліметінше, биылдың өзінде жаһандық деңгейде жасанды интеллект саласында 4 миллионға жуық маман тапшылығы байқалады. Ал Қазақстанда бүгінгі таңда 600-ге жуық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен 100 мыңнан астам студент ЖИ оқыту үдерісіне тартылған.
Елімізде жасанды интеллектті дамыту үш негізгі мәселе бойынша қиындықтарға тап болып отыр. Біріншіден, үлгілеу үдерісіне қажет құрылымдалған деректердің айтарлықтай жетіспеушілігі сезіледі. Екіншіден, жоғары есептеу қуаты қажет. Үшіншіден, бұл салада білікті мамандардың жаһандық тапшылығы байқалады.
Аталған түйткілдерді шешу мақсатында Қазақстанда бірнеше бағытты қамтитын кешенді стратегиялар әзірленді.
Конференция туралы толық ақпаратты «Казахстанская правда» газетінің сайтынан мына сілтеме арқылы оқи аласыз:
kazpravda.kz