Басты бетАвтошаруашылық ретрокөліктер көрмесін өткізді

Автошаруашылық ретрокөліктер көрмесін өткізді

Автошаруашылық ретрокөліктер көрмесін өткізді

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы ретро-автокөліктер мен соғыс бұйымдарының көрмесін өткізді. Бұл туралы inform.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Көрмеге қойылған ретро-көліктер «Авто-Мото-Целина» қоғамдық бірлестігіндегі әуесқой коллекционерлердің қорынан алынды. Әсіресе, BMW R35 мотоциклі, М-72 мотоциклі, Rover мотоциклі, ГАЗ-67 секілді соғыс жылдары маңызды рөл атқарған көліктер келушілер назарын аударды. 

Көрмеге «Мемориальная зона» іздестіру жасағы тапқан құнды тарихи жәдігерлері және фотокөрмелер де қойылды. 
− 1978 жылы құрылған «Мемориальная зона» іздестіру жасағы Кеңес Одағында нақты тіркелген алғашқы ұйым болды. Бізден кейін одақтың басқа да республикалары хабарсыз кеткен сарбаздарды іздей бастады. Біздің жасақ 47 жылда 3 224 майдангердің тағдырын анықтады. Яғни, кейбірінің сүйектері туыстарына қайтарылды, кейбірінің аты-жөні анықталып, бауырластар зиратында жатқан орны белгілі болды. Ол зиртқа Қазақстаннан келген туыстар туған жерінен бір уыс топырақ әкеліп салады. Осындай сәттер жүректі елжіретеді. Өткенін ұмытқан адамның болашағы жоқ. Біз осыны ұрпағымызға аманат етеміз. Біреудің атасы, біреудің арғы атасы соғысқа аттанған. Бүгінгі шараның да мақсаты — өз өмірін қиып, бізге бейбіт аспан сыйлаған ер бабаларымыздың рухына тағзым ету, - деді «Мемориальная зона» іздестіру жасағының ардагері Юрий Горбань. 

Ретро-автокөліктер туралы фотерепортаж бен олардың сипаттамасы туралы мына сілтеме арқылы толығырақ білуге болады.