
2025 жылдың төрт айында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі 300-ден аса шетелдік азаматқа медициналық көмек көрсетіп, ем жасады. Олардың ішінде алыс -жақын шетелдерден келген 191 медициналық турист бар.
Көпшілігі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай азаматтары. Сондай-ақ,дертіне дәруізде Норвегия, Франция, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Литва, Чехия, Түркия, Сирия, Үндістан, Корея, Испания, Украина және басқа елдердің тұрғындары дакелді.
Ұлттық госпитальге Қазақстанның әр өңірлерінен сапалы ем іздеп келетін өзазаматтарымызда аз емес. Жыл басынан бері 1 мыңнан аса науқас емделіп, операция жасатқан. Олардың көпшілігі кардиология, терапия, соматика және нейрохирургия бөлімдеріне қаралған.
Емделгендердің айтуы бойынша, Ұлттық госпиталь қызметкерлерінің біліктілігімен, кәсиби шеберлігімен, заманауи диагностикалық әдістерімен, емдеуді ұйымдастырудағы жаңашылдығымен ерекшеленеді. Көптеген мамандар шет тілдерінде еркін сөйлейді. Әлемнің үздік клиникаларында білім алып, тәжірибеден өткен.
Тағы бір маңызды көрсеткіш – қызметтердің бағасы. Ол көптеген елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Ал емдеу сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес. Бұл - Алматыға медициналық қызметтерінің бағасы жоғары елдерден науқастардың келуіне ықпал етеді.
Ұлттық госпиталь дәрігерлері шұғыл көмекке мұқтаж шетелдік науқастарды да қабылдайды. Мысалы, жақында ауруханаға 65 жастағы Үндістан азаматы түсті. Кардиоваскулярлық бөлімнің рентгенохирургі Дмитрий Полумисковтың айтуынша, әйел инфаркт алған. ЭКГ нәтижесі бойынша дәрігерлер операция жасалу керектігіне көз жеткізген. Оған коронарография жасалып, содан кейін алдыңғы қарынша артериясына стенд қойылды. Операция 20 минутқа созылды. Төрт күннен кейін науқастың жағдайы тұрақталып, ауруханадан шығарылды. Анестезиядан оянған әйел өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс айтты.
Сондай-ақ, Алматыдағы Үндістан Елшілігінің өкілдігінен дәрігерлерге «кәсібилігі мен сирек кездесетін адамгершілік қарым-қатынасы үшін» алғыс білдірген хат келді. Бұл хатта дипломатиялық миссия қызметкерлері Отанынан жырақта жүрген адамның мейірім мен және қамқорлыққа бөленгені дәрігерлердің биік адамгершілік қасиетінен екені айтылған.